Мәслихат жайында

1. Мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады.
3. Тиісті мәслихат депутаттардың санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында –елуге дейін; қалалық мәслихатта –отызға дейін; аудандық мслихатта-жиырма беске дейін белгілейді.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгіленген оның депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледі.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасынң сайлау туралы заңдарымен регламенттеледі.
6. Мәслихаттың өкілеттігі бірінші сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
7. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылған (біріккен, қосылған, қайта құрылған, бөлініп шығарылған немесе бөлінген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейін мәслихат депутаттары өз өкілетігін сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлігі кірген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.