Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
3) Алынып тасталды.
4) өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
5) сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
6) тиісті әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы;
9) Қақастан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
2. Депутат:
1) мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдардың қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті. 3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік берілді.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарды мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға немесе оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.