Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

1. Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
2. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
3. Мәслихат:
1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен боасатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде мәслихат аппаратының құрылымы бекітеді және ұстауға әрі материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналғаншығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті тиісті мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді;
5) мәслихаттың регламентін бекітеді;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.