Түркістан қалалық мәслихат хатшысы

Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы

Жеке азаматтарды қабылдау күні әр аптаның жұма күні сағат: 15.00-17.00

Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сарсенбаевтың атқарған жұмыстары туралы

Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы 1974 жылы 6 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1992 жылы қаламыздағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебін бітіріп, орта білім алып шыққан соң, Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанады. Әскери борышын 1992-1994 жылдары Ақмола (бүгінгі Астана) қаласында абыройымен атқарды.

Білімі жоғары. 1999-2003 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетінің экономика және менеджмент мамандығын алған.  Сондай-ақ  2010-2012 жылдары  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Шымкент қаласындағы Академиялық-инновациялық  университетін бітірген.

Ғаппар Сарсенбаев сан рет аламан жарыстарға қатысып, қаламыздың намысын қорғаған айтулы палуан. Самбо күресінен 1996 жылы Қазақстан чемпионы атағын алған. Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2012, 2014 жылдары Самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен Қазақстан Республикасы  біріншілігінің  екі дүркін  жеңімпазы .

         Еңбек жолын 1998 жылы Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС президентінің көмекшісі болып бастады. 2006 жылдан Түркістан қалалық автовокзал директорының орынбасары болып қызмет істеді. 2007 жылдан бастап «Әзіріт Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында2013 жылға дейін  қызмет атқарды.

Төртінші және бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының депутаты. 2015 жылы 5-тамызда өткен қалалық мәслихаттың  кезектен тыс 44 сессиясында бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихат хатшысы болып сайланды.