Мәслихаттың актілері

1. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдерді мәслихаттың актілері болып табылады.
2. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
3. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылданған шешімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол тиісті аумақта орындалуға міндетті.
4. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Әділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылады.