Мәслихаттардың құзыреті

1. Мәслихаттардың құзыретіне:
1)тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір) қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджетік бағдарламаларды бекіту;
2) тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;
4) өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісі;
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актісіне сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беруді өткізу жолымен сайлау;
8)Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
9-1) обылыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
9-2) бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланыты өзге де мәселереді шешу;
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру;
12-2) «Облыстық (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерін бекіту;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.