ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

    Түркістан қалалық мәслихатының ресми интернет-сайтына қош келдіңіздер! Бұл біздің жетістіктерімізді және шешілмеген мәселелерді талқылайтын тағы бір байланыс каналы.

   Түркістан қалалық мәслихатының сайты сайтқа кірушілерді бесінші шақырылған Түркістан қалалық мәслихатының депутаттарының қызметі және болашаққа деген жоспары туралы барынша толық, жылдам және нақты ақпарат беру үшін құрылған.

   Бұл сайтта Сіз депутаттардың, тұрақты комиссиялардың атқарған жұмыстары туралы толық ақпарат алумен қатар, қалалық мәслихаттың қызметі, барлық атқарылып жатқан іс –шаралар туралы уақытылы біле аласыз. Сонымен қатар, Сіз өзіңіздің талап-тілектеріңізді, сұрақтарыңызды жолдап, өз пікіріңізді айтып, мәселеңізбен бөлісе аласыз.

   Біз экономиканың және әлеуметтік саланың динамикалық дамыған, үлкен өзегерістер кезеңінде өмір сүреміз. Жыл санап еліміздің әрбір азаматы лайықты өмір сүруіне және ертеңгі күнге деген сенімі артып келеді.

   Қазіргі таңда халықтың барлық жігінің өмір сапасын жақсартуға, қаланың дамуына барлық мүмкіндік бар. Барлығымыздың игілігімізге жұмыс жасау, бір бағытта қозғалу-алға қарай дамудың, көркеюдің және табыстардың кепілі.

   Барлығыңызға Түркістан қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау кезіндегі көмектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

   Біздің Сізбен жемісті қызметіміз бен жергілікті еңбегіміз ғана азаматтарымыздың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейінің артуына септігін тигізеді. Құрметпен, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы